Не опоздай с добром

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - Жұма
сағат 10-нан 18.00ге дейін

Проекты - добрые дела фонда

Балалар үйінде мини футболдан турнир өтті

Біраз адамдар үшін туған күн - ерекше күн, ол күні туыс, достардан құттықтаулар және сыйлықтар аласын. Бірақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универистеті, ВжМТ факультетінің доценті Рашит Бақытжанұлы Ұскенов өз 50 жылдығына бұндай дәстүрді өзгермекші болды. Бір ай бұрын Рашит Бақытжанұлы Балалар үйінде мини футболдан спорттық турнир өткізуге тілек білдірді. Алдын ала Балалар үйіне турнир бойынша Ереже жіберілді. Жоспарланған іс-шараны балалар асыға күтті. Ақпанның 25 күні аталған іс-шара өткізілді. Рашит Бақытжанұлы өз отбасымен келіп, көп әр түрлі сыйлық әкелді.

Жарысқа 4 команда қатысты. Бағдарлама  қызу болды. Ойындар арасында Үйдің би ансамблінің орындауында тамаша қойылымдар көрсетілді. Жанкүйерлердің  спорттық, ақыл-ой қабілеттерін және дағдыларын  көрсетуге қызықты жүгіру, секіру, эстафеталар және конкурстар өткізіліді. Балалар жылдамдық, ептілік және топпен жұмыс жасауда  жарысты.

Жанкүйерлер оқиғалардың барысын бақылап, өз командалары үшін қатты алаңдады. Мереке көптеген жағымды эмоциялар мен әсер қалдырып, қызықты және күлкілі болды. Жарыс нағыз спорт және денсаулық  мейрамына айналды.

Бірде-бір сайыскер назарсыз қалған жоқ. Балалар көптеген  сыйлықтарға ие болды. Ең үздік ойыншылар, қақпашылар тағы басқалары марапатталды. Рашит Бақытжанұлын сауапты ісі, балаға деген көзқарасы, түсіністігі, мейірімділігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.  "Ақниет" жеке қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесі Рашит Бақытжанұлын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейді.

Сондай-ақ, Балалар үйінің тәрбиенушілеріне тәтті өнімдер сыйлаған үшін астаналық "Тәп тәтті", "Мармеладка" кондитерлік ұйымдарының басшылары Ерікжан Ибрагимов мырза және Мәриям Сексенбаева ханымға  үлкен алғысымызды білдіреміз.