Не опоздай с добром

Байланыстар

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
"Самал" шағынауданы, 12
4 офис

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - Жұма
сағат 10-нан 18.00ге дейін

Проекты - добрые дела фонда

"Ақниет" жеке қайырымдылық қорының құрылуының 10 жылдығына арналған "Жақсылық жасауға асық!" атты акциясы өтті

Биыл екінші рет "Ақниет" жеке қайырымдылық қорының құрылуының  10 жылдығына арналған  "Жақсылық жасауға асық!" атты акциясы өткізілді. 105 мұқтаж отбасыларға азық-түлік жинақтары сатып алынды. Олардың арасында ерекше қажеттіліктері бар  балалары бар отбасылар, көпбалалары, толық емес отбасылар. Азық-түлік жинақтары Соқырлар қоғамы, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, № 11, 12, 14  қалалық емханалар, үнемі біздің қордан әр түрлі жәрдем алып тұратын  азқамтылған отбасыларға тапсырылды.

"Ақниет" жеке қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесі өткен  акцияға қатысқан барлық қамқор кісілерге алғысын білдіреді. Ерікті көмек көрсеткендер: Тяжина Елена Балтабековна, гуманитарлық пәндер  факультетінің оқытушысы; С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ факультеттерінің студенттері Кемелова Сая, Тунгатбаева Алуа, Медиянова Амина, Насурла Абылай, Турежанова Хабиба, Насибуллина Арианна.

Қаржылай көмек көрсеткендер: Е.Б.Тяжина, С.Советкин, Д.Е.Отегенова, Р.Ж.Кунакбаева, А.А.Абиров және өз аттарын жариялаудан бас тартқан басқа қамқор адамдар.

Жалпы,  2020-2023 жылдары қор 459 мұқтаж отбасыларға  көмек көрсетті.

 

Бірге біз көп нәрсені жасай аламыз!